Бөбекжай

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қазығұрт мөлтекауданы, Біржансал көшесі 57 үйде орналасқан «Несібелі апа» бөбекжай бақшасы жұмыс жасап жатыр. 11 наурыз  2016 жылы «Несібелі апа»  бөбекжай бақшасы» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі болып іске қосылды. 2019 жылы қаңтар айында балабақша жаңа жарғымен жаңа құрылтайшымен жұмысын бастады.  Бүгіні таңда  «Несібелі апа» бөбекжайы жауапкерлігі шектеулі серіктестігі болып қызметін атқарып келеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйым 2 қабатты ғимарат,  ғимараттың ауқымы 720 м2; жалпы құрылыс ауданы 201,1 м2; жалпы ғимарат алаңы 411 м2. Қабырғасы күйдірілген кірпіштен салынған. Ғимараттың қуаттылық жобасы 71 балаға арналған. Абай ауданы  бойынша санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау басқармасының  21 сәуір 2016 жылғы №17-Р1-16-4-48 санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бойынша 71 орынға дейін топтастыру мүмкіндігін алып, бөбекжайда  3 топ ашылды. Бөбекжай ғимараты  мен бөлмелері өрт қауіпсіздігі ережелерінің  талаптарына сәйкес қамтылған. Дыбыстық өрт дабылы, шұғыл түймесі, дауыстық хабарлама орнатылған және сызбасы сызылған. Бөбекжай бойынша бейне бақылау камералары толық орнатылған: сыртқы камера саны — 3, ішкі камера саны — 5, жалпы 8 камера орнатылған.

Кнопка «Наверх»